©El.kz/Мария Рузматова

Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты

Елімізде мәйіттік донор болуға келісетіндер көбейген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

eGov порталында олардың саны 3,5 есе артты. Мамандардың айтуынша, бұл – ағарту жұмыстарының оң нәтижесі.

Мәселен, былтыр тек 3-4 операция жасалса, биыл 10 мәйіттік донор табылған. Сондай-ақ биыл алғаш рет 1 жасқа дейінгі балаларға донорлық бауыр алмастырылды. Операция күрделі болғанымен, сәтті шыққан.