Қазақстанда мақта-мата өндірісі 43,6 пайызға төмендеді
Фото: atameken.kz
Фото: atameken.kz
02.02.2023 16:09
2081
Өткен жылы қаңтар-желтоқсан айларында тоқыма бұйымдарын өндіру бойынша мақта-мата сегментінде 43,6% төмендеу байқалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Осылайша заттай түрде қазақстандық мата өндірісінің көлемі 2022 жылы 11,5 млн шаршы метрді құрады, ал 2021 жылы ол 20,5 млн шаршы метр болған.
Сонымен қатар, кардо және тарақталған мақта өндірісі 10,4%-ға, яғни 48,8 мың тоннаға дейін қысқарды.
«Сондай-ақ, фетр және киіз шығару өндірісі 6,1%-ға (396,7 млн теңгеге дейін) төмендеді» деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да жоғары дайындық режимі жарияланды