instagram.com/sgork_official

Қазақстанда күштік құрылымдар арасында FPV-дрондар турнирі өтті

18.04.2025 10:41

17 сәуірде ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен “Майлан” далалық оқу орталығында елімізде тұңғыш рет күштік құрылымдар арасында Millitary Drone Race FPV-дрон операторларының турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сайысқа ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және басқа да құрылымдардың командалары қатысты.

Турнирдің серіктесі — “Ashyk Aspan Foundation” білім және ғылым қоры.

Жеңімпаздар:

  • І орын — ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің командасы

  • ІІ орын — ҚР ҰҚК “А” арнайы жасағы

  • ІІІ орын — Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының командасы

Бұл турнир FPV-дрондарды басқару саласындағы мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға, жаңа жүйелермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, тәжірибе алмасуға және ұшқышсыз ұшу аппараттарын тактикалық тұрғыда қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚР МКҚ | ГУ "Служба государственной охраны Республики Казахстан" (@sgork_official)