Жаңалықтар

Қазақстанда күн сайын 5-6 адам жол апатынан қаза табады

Қазақстанда күн сайын 5-6 адам жол апатынан қаза табады
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 03.10.2023 11:26 1034

Биылғы статистикалық деректер бойынша жол-көлік оқиғалары мен зардап шеккендердің саны біршама төмендеген. Дегенмен, әлі де еліміздің күре жолдарында күніне орта есеппен 5-6 адам қаза табады. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Әр цифрдың артында қаншама жанның өмірі мен денсаулығы тұр. Өкінішке орай, бізде көлік жүргізу мәдениеті мен тәртіп деңгейі төмен. Біз жолдағы құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатып келеміз. Соған қарамастан, полиция жол бойында мас күйде рульге отырған және бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған мыңдаған жүргізушіні ұстайды. Әрине, мұндай заң бұзушыларға барынша қатаң шара қолдану керек, - деді премьер-министр.

Смайылов жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін бақылау жүйесіндегі жағдай да мәз еместігіне тоқталды.

Бейнекамералар мен басқа да техникалық құралдарды толық пайдалану мүмкін болмай отыр. Кей жерлерде олар жетіспей жатса, кей жерде мүлдем жұмыс істемейді. Елді-мекендердегі камералар санын көбейткен жөн, ал республикалық маңызы бар автожолдарда аппараттық-бағдарламалық кешендерді белсенді пайдалану керек, - деді Әлихан Смайылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға