Жаңалықтар

Қазақстанда көп әйел алу мәселесі эпидемияға айналып барады - Тоғжан Қожалы

Қазақстанда көп әйел алу мәселесі эпидемияға айналып барады - Тоғжан Қожалы
Фото: Әлеуметтік желі 03.10.2023 09:17 3682

Парламент мәжілісінің қоғамдық палатасында белсенді Тоғжан Қожалы көп әйел алу мәселесін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қоғам белсендісінің айтуынша, елімізде көп әйел алатындар көбейіп барады.

Қазақстанда көп әйел алу мәселесі эпидемияға айналып барады. Маған осы мәселе төңірегінде өте көп сұрақтар келеді. Заңды тұрғыда рұқсат беріңіздер немесе тыйым салыңыздар. Екеуінің біреуі, – деді Тоғжан Қожалы қоғамдық кеңесте сөйлеген сөзінде. 

Қоғам белсендісі бірнеше әйел алған ерлердің отбасында мұраның бөлінуі, екінші әйел мен оның балаларының статусы секілді көптеген заңды мәселелер туындайтынын тілге тиек етті. 

Сондай-ақ, Тоғжан Қожалы әлеуметтік желідегі парақшасында да осы мәселеге қатысты пікір білдірді. 

Біз бұл мәселе нүкте қоюымыз қажет. Неке мен отбасылық институттарды заңды түрде қорғауымыз керек. Көршілес мемлекеттерге қарасаңыз, Қырғызстанда 2016 жылдан бері көп әйел алушыларды 2 жылға бас бостандығынан айыратын заң бар. Тәжікстанда да ресми түрде тыйым салынған. Өзбекстанда жақында ғана, 30 қыркүйек күні Сенат көп әйел алуға тыйым салатын заң жобасын қабылдады, – делінген жазбада. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға