Жаңалықтар

Қазақстанда көліктің алдыңғы әйнегіне тонировка жапсыруға рұқсат беріле ме

Қазақстанда көліктің алдыңғы әйнегіне тонировка жапсыруға рұқсат беріле ме
Фото: Pixabay 27.06.2024 14:02 757

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев көліктің алдыңғы әйнегіне тонировка жапсыруға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде 2010 жылдан бастап автокөліктің алдыңғы әйнектерін бояп, тонировка жапсыруға тыйым салынған. Заңсыз жапсырып алғандар әкімшілік кодекстің 461-бабы 4-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады. Соңғы кездері заңды қайта қарап, тонировка жапсыруға рұқсат берілуі мүмкін екені жиі айтылып жүр. ІІМ өкілі аталған мәселеге пікір білдірді.

Иә, тонировкаға рұқсат беру мәселесі бұрыннан бері көтеріліп келеді. Қазір ІІМ оған салынған тыйым тарихын зерттеп жатыр. Мәселені депутаттар да көтерген. Тонировканың қаншалықты зиян екені зерттеліп жатыр. Жақын арада біз сарапшылық қорытындымызды береміз, – дейді ол.

Вице-министр кеден одағының регламентінде тоноровка мәселесі жазылғанын, оған шектеу жүргізуші, жолаушыны тануға кедергі келтіргені үшін қойылғанын айтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға