Видеодан кадр

Қазақстанда көлік сатып алғысы келетіндерге тиімді шара қабылданды

16.10.2025 21:11

Қазақстанда жеңіл автокөлік сатып алу тетіктері жетілдірілуде. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет экономикалық реформалар аясында бірқатар жаңа шараларды қолға алған. Солардың бірі — отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер арқылы халыққа жеңіл автокөліктерді қаржыландыру бағдарламаларын жалғастыру.

Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе негізінде жеке тұлғаларға арналған жаңа лизинг тетігі енгізілуде.

Лизинг – бұл автокөлікті меншікке сатып алу құқығын сақтай отырып, ұзақ мерзімге жалға алу тетігі. Мұндай бастамалар халықтың әл-ауқатын арттырып, азаматтардың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтеді, — деді Ерсайын Нағаспаев.

Министрлік өкілінің айтуынша, аталған шаралар ел ішіндегі автоөндірісті дамытуға, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға және автокөлік нарығын тұрақтандыруға да оң әсер етеді.