Жаңалықтар

Қазақстанда көлік салығы жойылуы мүмкін

Қазақстанда көлік салығы жойылуы мүмкін
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 13.09.2023 14:29 999

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин көлік салығын жою мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл мәселе жаңа Салық кодексі аясында талқыланып жатыр. Ол сән-салтанат салығымен бірге кешенді түрде қарастырылады. Шынымен де көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстыру нұсқасы талқылануда. Бірақ, оны тыңғылықты қарастырған жөн. Өйткені, біз саралаймыз. Көлік салығы қозғалтқыш көлемі 4 немесе 3,5 литрге дейінгі автомобильдер үшін жою көзделетін шығар. Қазір қосымша есептеулер жүргізіп жатырмыз, - деді Азамат Әмрин Үкімет отырысынан кейін ұйымдастырылған брифингте.

Оның атап өтуінше, көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстырған жағдайда жанармай бағасы қымбаттайды.

Біз шамамен 80 млрд теңге көлік салығын жинаймыз, шамамен 5 млн тонна мұнай өнімдерін пайдаланамыз. Егер көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстырар болсақ, онда бензин бағасы 14 теңгеге қымбаттауы тиіс, - деді ол.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға