©Pixabay.com

Қазақстанда көкөніс және жеміс шырынының өндірісі артты

2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда жеміс пен көкөніс шырындарының өндірісі алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3% өсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бес ай ішінде отандық кәсіпорындар 36,3 мың тонна өнім өндірді. Қазақстандық өнімнің нарықтағы үлесі 60% құрайды.

Импорт көлемі де 13,6% артты. Есепті кезеңде елге 24,2 мың тонна шырын әкелінді.

Керісінше, экспорт 0,4% азайды – шетелге 1,3 мың тонна өнім жөнелтілді.

Ішкі нарықтағы тұтыну 9,3% өсіп, 59,3 мың тоннаға жетті. Ал 2024 жылдың қаңтар–мамырында бұл көрсеткіш 54,2 мың тонна болған.