Қазақстанда кімдер паспорт пен куәлікті тегін рәсімдей алады?
28.08.2025 15:19
Фото:
©El.kz/Мәди Ысқақов
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2025 жылғы 28 тамызда кейбір қазақстандықтардың құжаттарды тегін рәсімдей алатынын еске салды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Корпорация дерегінше, көпбалалы аналар – «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, сондай-ақ «Батыр ана» атағын алған әйелдерге паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Сонымен қатар жеке куәлік алу кезінде мемлекеттік баж төлеуден мына санаттағы азаматтар босатылады:
- Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;
- Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен марапатталғандар, сондай-ақ «Алтын Қыран», «Отан» ордендерінің иегерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болғандар;
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендер, сонымен бірге КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталған тыл еңбеккерлері;
- 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен), бірақ марапатталмаған тыл еңбеккерлері;
- Мүгедектер және бала кезінен мүгедек азаматтың ата-анасының бірі;
- Қарттар үйі мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қариялар;
- Мемлекет қамқорлығындағы балалар үйлерінде және интернаттарда тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- Чернобыль апатынан зардап шеккендер.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

