2025 жылғы 18 шілдеде президент жаңа Салық кодексіне қол қойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өзгеріс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және бірқатар жеңілдік алушылар үшін көлік салығын жояды.
Салықтан толық босатылатындар:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар, соның ішінде шетелдегі ұрыс қимылдарына қатысқандар;
- КСРО ордендері мен медальдарымен еңбек және майдандағы қызметі үшін марапатталғандар;
- Кеңес Одағының Батырлары және Социалистік Еңбек Ерлері;
- "Халық қаһарманы" және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының иегерлері;
- Үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің кавалерлері;
- "Отан" орденінің иегерлері;
- "Батыр ана" орденімен немесе "Алтын алқа", "Күміс алқа" марапаттарымен наградталған көпбалалы аналар;
- Мотоколяскаға немесе автокөлікке ие мүгедектігі бар адамдар (жеңілдік бір көлік құралына ғана қолданылады).
Ұйымдар үшін:
- Мемлекеттік органдар мен оқу орындары – қозғалтқыш көлемі 3 000 текше сантиметрге дейінгі бір автокөлік пен бір автобусқа;
- Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен фермерлер – агроөндірісте қолданылатын арнайы техникаға.
Ескі көліктерге салық жеңілдігі: 10–20 жылдық көліктерге – 30%, 20 жылдан асқан көліктерге – 50% жеңілдік; Құны 18 000 АЕК-тен (шамамен 70,8 млн теңге) асатын автокөлікті сатқанда 10% акциз енгізіледі. Егер иесі көлікті бір жылдан артық уақыт иеленсе – акциз алынбайды.
Еске салайық, шілденің ортасында Тоқаев жаңа Салық кодексіне қол қойған болатын. Барлық толық мәліметті жоғарыдағы сілтеме арқылы білуге болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

