Қазақстанда ипотека беру талаптары қиындайды
24.04.2025 18:05
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Қазақстанда несие, оның ішінде ипотекалық қарыз беру талаптары қатаңдатылады. Бұл өзгерістерді Қаржылық реттеу және дамыту агенттігі әзірлеп, тиісті қаулы жобасын өздерінің ресми сайтында қоғамдық талқылауға ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа ережелер бойынша банктер қарыз алушыларды тәуекел деңгейіне қарай бағалайды. Егер мына критерийлердің екеуі немесе одан көбі сәйкес келсе, клиент «тәуекелді жоғары қарыз алушы» ретінде танылады:
- Несие тарихының ұзақтығы 3 жылдан аз болса;
- Соңғы бір жыл ішінде 30 күннен артық, 3 АЕК-тен жоғары қарызды кешіктірсе;
- 3 немесе одан да көп банк не микроқаржы ұйымында өтелмеген несиелері болса;
- Ай сайынғы табысының 45%-дан астамы несие төлеуге жұмсалса;
- Несие тарихында теріс ақпарат бар болса;
- Тұрақты табыс көзі дәлелденбесе.
Жаңа ереже бекітілсе, бұл талаптар ипотекалық несиелерге де толықтай қолданылады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

