Жаңалықтар

Қазақстанда инфляция 16%-дан асты

Қазақстанда инфляция 16%-дан асты
Фото: © iStock 03.05.2023 12:26 1010

Қазақстандағы инфляция деңгейі 16 пайыздан асты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінде сауданың экономикалық әсері жалпы ішкі өнім құрылымында екінші орында тұр. Әлеуметтік ықпал бойынша бұл сала бірінші орын алып, 1,5 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиевтің айтуынша, азық-түлік инфляциясы өзінің шарықтау шегіне жеткен. Сондықтан биыл ақпан айында жалпы инфляция 21,3 пайыз, жылдық мәнде 26,2 пайыз деңгейінде қалыптасқан.

Бүгінде жылдық мәнде 16,8 пайызға жеткен. Оның ішінде азық-түлік 17,9 пайыз, азық-түлік емес тауарлар 18,2 пайыз және ақылы қызметтер 13,7 пайыз болды, - деді Арман Абайұлы.

Сонымен қатар Арман Шакқалиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, ішкі сауда субъектілері үшін мемлекеттік қолдау құралдарын іске қосу жолымен сауданың қазіргі заманауи форматтағы үлесін әрі қарай 70 пайызға ұлғайту жұмысы басталғанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға