Қазақстанда хоккейден әлем чемпионаты өтуі мүмкін

Фото: instagram.com/kazakhstanhockey
Фото: instagram.com/kazakhstanhockey
09.02.2024 18:09
885
Қазақстан шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге өтініш берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әзірге бәсекелес біреу ғана – Франция.
БАҚ өкілдері халықаралық турнир елімізде төрт жылдан соң өтеді деген болжам жасап отыр. Бұл аламанды ұйымдастыруға екінші үміткер – Франция.
Қазақстан 2028 жылы элиталық дивизиондағы әлем чемпионатын өткізу туралы өтініш берді. Өтініште Астана мен Алматы қалалары бар. Сонымен қатар үміткерлердің ресми тізімінде Франция тұр, - деп жазады Шайба.kz
Бұл ақпаратты Халықаралық хоккей федерациясының сайтында жарияланған құжат растайды.
Негізі еліміз бұған дейін де өтініш берген, дегенмен 2027 жылғы әлем біріншілігі Германияда өтетін болды.

Алдыңғы жаңалық
ТЖМ: Көктем мезгіліндегі төтенше жағдайға дайындық тексерілді
Келесі жаңалық
Жетісуда «Жеңіс эстафетасын» қарсы алу салтанаты өтті