Қазақстанда халық саны қанша? Статистика жаңарды
03.02.2025 15:39
Фото:
©El.kz/Артем Чурсинов
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адамды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Соның ішінде:
қала тұрғындары – 12 774 743
ауыл тұрғындары – 7 511 341

Былтыр жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен - 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға. Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%, - делінген мәліметте.
Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам халқы бар облыстар – Түркістан (2,1 млн), Алматы (1,5 млн), Жамбыл (1,2 млн) және Қарағанды (1,1 млн).
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

