Жаңалықтар

Қазақстанда халық саны 19 млн 765 мың адамнан асты

Қазақстанда халық саны 19 млн 765 мың адамнан асты
Фото: 24.kz 09.02.2023 18:41 3589

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 765 004 мың адамды құрады, - деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Оның ішінде қала тұрғындары – 12 208 259, ауыл тұрғындары – 7 556 745 адам.

12 ай ішінде Қазақстанда 403,5 мың сәби (450,7 мың адам – 2021 ж) дүниеге келді , оның ішінде 208 мыңы – ұлдар, 195,5 мыңы – қыздар. Туу коэффициенті 1000 адамға 20,28 құрады. Аталған кезеңде қайтыс болғандар саны 134,7 мың адамды құрады, бұл ретте 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім коэффициенті – 6,77. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 2022 жылдың 12 айында 268,8 мың адамды құрады (2020ж. – 263 мың, 2021 ж. – 267 мың).

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 27,75 адам), Түркістан облыстарында (1000 тұрғынға 27,23 адам) және Шымкент қаласында (1000 тұрғынға 26,34 адам) байқалды.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға 11,84), Шығыс Қазақстан (1000 тұрғынға 11,71) және Қостанай облыстарында
(1000 тұрғынға 10,82) байқалды, бұл осы облыстар халқының жас құрылымына байланысты.

Оның ішінде қалалықтар – 12 208,2 мың, ауылдықтар – 7 556,7 мың адам.
Табиғи өсім есебінен халық саны 268 791 адамға өскен, көші-қон сальдосы теріс – -6 946.

2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 261 845 адамға өскен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға