Жаңалықтар

Қазақстанда Гидрогеология қызметі қайта құрылды

Қазақстанда Гидрогеология қызметі қайта құрылды
Фото: Үкімет 29.08.2024 09:20 371

Қазақстанда Гидрогеология қызметі қайта құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің ұсынысына сәйкес, Ұлттық гидрогеология қызметі жер асты суларын басқару, іздеу-барлау жұмыстары және олардың мемлекеттік мониторингі саласында мемлекеттік саясатты жүргізу үшін ұйымдастырушылық және басқа да қажетті өкілеттіктерге ие болады.

Жер асты суларын ұтымды пайдалану мәселелері ерекше бақылауда болады.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов болжам бойынша Қазақстандағы жер асты суларының қоры шамамен 40 текше километрді құрайтынын, оның 15 текше километрі қазіргі таңда пайдалануға дайын екенін атап өтті.

Бүгінде ел экономикасында бұл ресурстардың 7-10%-ы ғана қолданылады. Министрліктің жоспарында – ауызсумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жерлерін суару және жайылымдық мал шаруашылығын қолдау үшін жер асты суларын белсенді түрде пайдалану, бұл ретте қорлардың сарқылуына және ластануына жол бермеу үшін қатаң бақылау қамтамасыз етіледі. 

Президенттің бастамасы Қазақстанның орнықты дамуы үшін су ресурстарын басқарудың стратегиялық маңызын көрсетеді, бұл еліміздің ішкі қажеттіліктеріне және жаһандық экологиялық сын-тегеуріндерге сәйкес келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға