Жаңалықтар

Қазақстанда ЭЦҚ беру тәртібі өзгереді

Қазақстанда ЭЦҚ беру тәртібі өзгереді
Фото: скриншот 02.08.2024 17:18 491

Цифрлық даму министрлігі елде электронды цифрлық қолтаңбаны беру тәртібін қайта қарауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Руслан Әбдіқалықов қазір биометриялық сәйкестендіру, яғни бұлтты ЭЦҚ белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.

Таңбалауыштар, бөлінбейтін тасымалдағыштар өте сенімді. Олардан ЭЦҚ алу мүмкін емес. Цифрлық уақытт елімізде барлық азаматты жаппай қамтуға және оларды цифрлық электрондық қолтаңбалармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ең қарапайым әдіс файлдық тасымалдағыштар арқылы ЭЦҚ беру болды. Бірақ бұл әдіс, қауіпсіз емес. Тиісінше, біз файлдық тасымалдағыштарда ЭЦҚ беру рәсімін тоқтатқымыз келеді, – деді ол ОКҚ брифингінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға