Жаңалықтар

Қазақстанда есепке қойылған көліктер саны азайды

Қазақстанда есепке қойылған көліктер саны азайды
Фото: ©El.kz/Мәди Ысқақов 15.08.2024 16:53 535

2024 жылғы маусымда 132,8 мың бірлік автокөлік есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,3% кем. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бюро дерегінше, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 506,9 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқандардың үлесі – 44,4%, 10 жылдан асқан, бірақ 20 жылдан кем көлік үлесі – 23,6%, 7-10 жыл болғандар – 12,6%, 3-7 жыл аралығындағылар – 13,2% және автокөлік құралдарының тек 6,2%-ның шыққан жылы 3 жылдан аспайды, - делінген мәліметте.

Ал шығарылған жылы 20 жылдан астам жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 325,2 мың бірлік, Алматы қаласында – 189,7 мың бірлік, Жамбыл облысында – 168,8 мың бірлік, Қарағанды облысында – 162,9 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облысында – 154 мың бірлік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға