Қазақстанда енгізілген жаңа айыппұлдар жайлы не білеміз?
2025 жылы Қазақстанда азаматтардың күнделікті өмірінің түрлі саласына қатысты жаңа жауапкершілік шаралары енгізілді. Бұл нормалар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап та күшінде қалады, сондықтан әр қазақстандық оларды білгені жөн. Ендеше соларды еске сала кеткенді жөн көрдік, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Негізгі өзгерістер тізімі
- Жеке үйлерде түтін датчиктерін орнату міндеттелді
- Жасанды интеллектті заңсыз немесе дұрыс пайдаланғаны үшін айыппұлдар енгізілді
- Шетелдегі банк шоттарын декларацияламағаны үшін жаза күшейтілді
- Мопедтер мен электровелосипедтерді тіркеу міндеттелді
- Көлікте қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін айыппұл қарастырылды
- Қоқыс үйінділерін ұйымдастыруға қатаң тыйым салынды
- Дропперлікке (алаяқтарға банк шотын беру) қылмыстық жауапкершілік енгізілді
Жеке үйлерде түтін датчиктері міндетті
2025 жылдың жазынан бастап жеке тұрғын үйлерде автономды өрт түтінін анықтайтын құрылғы болуы тиіс. Оның болмауы 5-10 АЕК (2026 жылы 21 625-43 250 теңге) айыппұлға әкеледі. Датчикті орнату мен тексеруге қатысты нақты талаптар бар.
Жасанды интеллект үшін айыппұл
ЖИ-дің белсенді дамуына байланысты 2025 жылы ӘҚБтК-ке 641-1-бап енгізілді.
Айыппұлдар:
ЖИ жүйесінің иелері – контенттің жасанды интеллект арқылы жасалғанын көрсетпесе немесе қауіптерді басқармаса: 15-200 АЕК (64 875 – 865 000 тг)
ЖИ қолданушылары – жалған немесе заңсыз ақпарат таратса: 15-30 АЕК (64 875 – 129 750 тг)
Шетелдегі ақшаңызды декларациялау қажет
Егер шетелдік банктегі шотыңызда 1 000 АЕК-тен артық қаражат болса (2026 жылы 4 325 000 теңге), оны декларацияда көрсету міндетті. Жасырғаны үшін 100 АЕК (432 500 тг) айыппұл салынады, ал бір жыл ішінде түзетілмесе – 200 АЕК.
Мопедтерді тіркеу міндеттелді
Енді көлемі 50 текше см-ге дейінгі мопедтер де тіркеуден өтуі тиіс.
Қажет:
Мемлекеттік нөмір
А1 немесе А санатындағы жүргізуші куәлігі
Тіркеусіз жүргені үшін – 10 АЕК (43 250 тг).
Электровелосипедтерге де талап күшейді
Қуаты 250 Вт-тан жоғары, жылдамдығы 25 км/сағ асатын электровелосипедтер де тіркелуі керек.
Айыппұл – 10 АЕК, сонымен қатар ЖҚЕ талаптарын сақтау міндетті.
Көліктен басты шығаруға тыйым салынды
Қозғалыс кезінде көліктен бас немесе дене бөлігін шығарып отыруға болмайды. Жүргізуші де, жолаушы да 10 АЕК айыппұл төлейді.
Қоқыс үйінділеріне қатысты қатаң жаза
Жеке тұлғаларға – 100 АЕК
Заңды тұлғаларға – 200-1 000 АЕК
Қайталанса, айыппұл екі есе өседі.
Дәріні тек дәрігердің тағайындауымен қабылдау керек
Есірткі немесе күшті дәрілерді медициналық мақсатсыз қолданғаны үшін:
40 АЕК айыппұл немесе 10 тәулікке қамау
Қайталанса – жаза екі еселенеді.
Айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыс
2025 жылдың қыркүйегінен бастап кейбір құқықбұзушылықтар үшін айыппұл орнына қоғамдық жұмыстар тағайындалуы мүмкін.
Мысалы:
Жедел қызметке жол бермеу
Ұсақ бұзақылық
Қоғамдық орындарда тиісу
Отбасылық жанжалдар
Дропперлік – қылмыс
Банк шотын алаяқтарға беру немесе ақша айналымына қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
Жаза:
5 000 АЕК-ке дейін айыппұл (21,6 млн тг) немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру
Қорытынды
2026 жылы қазақстандықтар үшін жол ережесі, қаржы, медицина, экология және цифрлық қауіпсіздік салаларындағы талаптар бұрынғыдан да маңызды бола түседі.
Ережелерді сақтау – тек айыппұлдан құтылу емес, өз қауіпсіздігің мен жауапкершілігіңнің көрсеткіші.

