Жаңалықтар

Қазақстанда энергетика тапшылығы болады

Қазақстанда энергетика тапшылығы болады
Фото: Capital.ua 20.02.2023 16:36 2323

Қазақстанда электр қуатының тапшылығы мәселесі күннен-күнге өткір болып барады. 2022 жылы электр энергиясының тапшылығы 8 айда тіркелді. Жалпы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша, электр энергиясын өндіру 112,86 млрд кВт⋅сағ құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4% аз, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы 1 ақпанда ҚР Энергетика министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр соңғы екі жылда Қазақстанда электр энергиясының, әсіресе ең жоғары жүктеме сағаттарында, электр қуатының тапшылығы өткір тұрғанын атап өтті, деп хабарлайды Қазақпарат. Республика тапшылықты біршама жоғары бағамен Ресейден алуға мәжбүр. Тапшылық тәулігіне 1200 МВт-қа жетеді. Сарапшылар мұны тұтынудың артуы, тозуы және энергетикалық инфрақұрылымның апаттылығының жоғары болуымен байланыстырады.

ҚР Энергетика министрлігі Қазақстанда энергия тұтынудың орта мерзімді болжамын жариялады. Бұл құжатқа сәйкес, 2023-2029 жылдар аралығында елімізде пайдаланылатын электр энергиясының көлемі жыл сайын орта есеппен 3% артады. Өндіріс те өседі, бірақ бірдей қарқынмен емес.

Алдағы жеті жылдағы электр энергетикасындағы өндіріс пен тұтыну деңгейі 2023-2025 және 2028 жылдары сальдо теріс болатынын көрсетеді. Ел жыл сайын 1,3–1,6 млрд кВт⋅сағ жетпейді. Ал 2029 жылы тапшылық шегіне жетіп, 5,5 кВт⋅сағ болады.

Жалпы, жеті жылда елімізде электр энергиясын тұтыну 20,5% – 121,1 млрд-тан 146 млрд кВтсағ-ға дейін артады. Ал өндіріс бұл қарқындарға төтеп бере алмайды: 2029 жылмен 2023 жылды салыстырған кезде тек 17,6% көбейеді.

Өңірлер бойынша тұтыну біркелкі болмайды. Оңтүстік ең тапшы энергетикалық өңір болып қалады, оны қамтамасыз ету субсидияланады. Оңтүстік өңірлер мен еліміздің екі мегаполисіндегі электр энергиясын өндіру мен пайдалану арасындағы айырмашылық бүкіл жетіжылдықта ең үлкен – 11,8–12,7 млрд кВт⋅сағ шегінде сақталады.

Батыс және солтүстік энергетикалық өңірлер бұл кезеңде профицитті көрсетеді. Айырмашылығы, батыста ол айтарлықтай аз болады – әр жылдары 1 млрд-тан 3 млрд  кВт⋅сағ-қа дейін, ал еліміздің солтүстігі мен шығысында электр энергиясы жыл сайын 8-10 млрд кВт⋅сағ артық қалады деп болжануда. Жалғыз ерекшелік 2029 жылы болады, ол кезде профицит екі есе азаяды. Солтүстік барлық артығын оңтүстікке береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға