Жаңалықтар

Қазақстанда ең көп жол-көлік оқиғасы Алматы қаласында тіркелген

Қазақстанда ең көп жол-көлік оқиғасы Алматы қаласында тіркелген
Фото: © iStock 31.10.2023 11:02 901

Қазақстанда ең көп жол-көлік оқиғасы Алматы қаласында тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, елімізде биылғы 9 айда 9,8 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 14 мың адам зардап шекті. 1,6 мың адам қаза тапса, оның 210-ны – кәмелетке толмаған балалар, 488-і – әйел, 1 мың 192-і – ер. Сондай-ақ 660-сы – жолаушы, 485-і – жаяу жүргінші, 447-і – жүргізуші.

Өңірлер бойынша ең көп жол апаты:

  • Алматы қаласы – 2 мың 556;
  • Алматы облысы – 961;
  • Жамбыл облысы – 695;
  • Түркістан облысы – 616;
  • Астана қаласы – 570 оқиға.

Апаттың негізгі себептері адами фактормен байланысты, олар:

  • жылдамдықты асыру – 2 мың 381;
  • жаяу жүргіншіге басымдық бермеу – 1 мың 473;
  • жол белгілерін сақтамау (жылдамдықты шектеу белгілерін есепке алмағанда) – 380;
  • өзге де жол қозғалысы ережелерін сақтамау – 5 мың 635.

ЖКО-ның 88%-дан астамы жүргізушілердің (8 703) кінәсынан болады. Оның 305-і алкогольдік және есірткілік масаң күйінде болған.

Жол апатынан зардап шеккендердің арасындағы басым бөлігі:

  • 17 жастағы – 3 мың 15;
  • 30-39 жасқа дейін – 2 мың 576;
  • 21-29 жасқа дейін – 2 мың 572;
  • 60 және одан жоғары – 1 мың 320 жастағы адамдар.  

 Сондай-ақ кінәлілердің арасында көбінесе:

  • 30-39 жас аралығындағылар – 2 мың 509;
  • 21-29 жас аралығындағылар – 2 мың 262;
  • 60-тан жоғары жастағылар – 668.

Жол апаттарының көп бөлігі:

  • 7 мың 380-і – елді мекендерде;
  • 1 703-і – халықаралық, республикалық маңызы бар тасжолдарда;
  • 789-ы – облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда тіркелген.

Жол апаттарының ең көп саны:

  • дүйсенбіде – 1 мың 462;
  • сәрсенбіде – 1 мың 447;
  • жексенбіде – 1 мың 418;
  • сондай-ақ күндізгі уақытта – 6 мың 120;
  • түнде – 1 мың 140;
  • күн батқаннан кейінгі мезгілде – 1мың 493 жол-көлік оқиғасы болған.

Күзгі-қысқы кезеңнің басталуы, сондай-ақ жол қолайсыздығы жағдайларының күшеюі салдарынан апаттар қаупі артады. Осы ретте автокөліктің техникалық жай-күйін қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру, уақтылы қысқы шиналармен жабдықтау, белгіленген жылдамдық режимін сақтау, жолдарда өте мұқият болу, жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігіне жүргізушілердің назарын аударамыз. Сондай-ақ қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатыны туралы естеріңізге саламыз. Техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделеді және 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға