Қазақстанда экспортқа байланысты тауық еті қымбаттады
02.08.2023 12:05
Фото:
© Pixabay.com
EnergyProm мәліметінше, құс етінің бағасы бірде 11 процентке өскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ал оған экспорт көлемінің артуы себеп.
Сараптамалық портал келтірген дерек бойынша, кейінгі жарты жылда елімізде салқындатылған құс етінің өндірісі 27,1% өсіп, 70,7 мың тоннаны құрады.
Ал мұздатылған ет өндірісі өткен жылмен салыстырғанда, керісінше, 1,8% төмендеп, 63,2 мың тоннаны құрады.

