Жаңалықтар

Қазақстанда экологиялық мәдениетті дамыту бағыттары айқындалды

Қазақстанда экологиялық мәдениетті дамыту бағыттары айқындалды
Фото: ОКҚ 30.10.2024 15:05 408

Экология және табиғи ресурстар министрлігін мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев тұжырымдаманың «Ашық НҚА» порталында жарияланатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің айтуынша, құжатты Үкімет биыл 15 қазанда мақұлдады. Экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің жоғары деңгейін қалыптастыру, экологиялық білім мен практиканы дамыту, сондай-ақ экологиялық саясатты тиімді іске асыру тұжырымдаманың негізі болмақ. Бұл кешенді шешімдер мен халықтың барлық тобының белсенді қатысуын талап етеді. Тұжырымдаманың негізгі принциптері - азаматтардың саналылығы мен жауапкершілігі, экологиялық ақпараттың қол жетімділігі және болашақ ұрпақтың мүдделерін ескеру. 

Тұжырымдама ағымдағы жағдайды және халықаралық тәжірибені талдаудан бастап оны жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына дейінгі 7 бөлімді қамтиды. Бұл тұжырымдаманың негізгі бағыттары мен тәсілдерін құрылымдық тұрғыдан анықтауға мүмкіндік берді, - деп атап өтті спикер.   

Қазақстанда экологиялық мәдениетті дамыту 2024-2029 жылдар кезеңінде мынадай негізгі бағыттар бойынша іске асырылады:  

  • экологиялық ойлау және мінез-құлық, соның ішінде ынталандыру және оларды көтермелеу шаралары;   
  • экологиялық білім;  
  • экологиялық білім және ақпараттық насихат.  

Әрбір бағыт бойынша тұжырымдаманы іске асыру бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін мониторингілеуге және қажет болған жағдайда оларды түзетуге мүмкіндік беретін тиісті индикаторлар айқындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға