Жаңалықтар

Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғыстың қанша ардагері бар?

Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғыстың қанша ардагері бар?
Фото: Әлеуметтік желіден 09.05.2023 12:57 2350

Еліміз бойынша екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 222 ардагері бар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сонымен бірге, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жараланған және жеңіске үлес қосқан 60 мыңнан аса тыл еңбеккерлері тұрады.

Сұрапыл соғыс жылдарында майданға Қазақстаннан 1 миллион 200 мыңнан аса адам аттанған. Қолына қару алған қазақстандықтардың жартысы соғыстан оралмады. Әскери қызметі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталған. Оның ішінде 497 адам Кеңес Одағының батыры атанды. Сондай-ақ, 110 қазақстандық майдангер үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Соғысқа шақыртылғандар - 1,2 миллион

Қаза тапқандар - 600 мың

Орден, медаль алғандар - 100 мың

Кеңес одағының батыры атанғандар - 497

Екі мәрте кеңес одағының батыры атанғандар - 4

ІІІ дәрежелі даңқ орденімен марапатталғандар - 110

Еске салайық, бұған дейін Екінші дүниежүзілік соғыста қанша қазақcтандық қаза тапқаны белгілі болғаны хабарланған еді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен екі ардагерге "Халық қаһарманы" атағы берілді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға