Жаңалықтар

Қазақстанда екі күнде 75 жол апатынан отызға жуық адам қаза тапты

Қазақстанда екі күнде 75 жол апатынан отызға жуық адам қаза тапты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 23.05.2023 00:06 1209

Қазақстанда екі күнде 75 жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер ведомствосының мәліметінше, салдарынан 27 адам қаза тапқан.

Күннің жылуына байланысты жолдарда көлік саны күрт көбейді. Дәл осы кезеңде жүргізушілер жол ережесін сақтамайды. Бұл қайғылы оқиғаларға алып келеді. Елімізде екі күннің ішінде 75 жол-көлік оқиғасы орын алып, 27 адам қаза тапты. Жол көлік оқиғаларының көп бөлігі Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында болды. Апаттар көбінесе қала сыртындағы жолдарда түнгі уақытта болып отыр. Төрт ірі жол-көлік оқиғасы жеке тасымалдаумен айналысатын шетелде тіркелген автокөліктермен жасалған. Жамбыл облысындағы Алматы–Шымкент тас жолында орын алған ірі апаттың біріне қатысушы – Toyota Alphard жүргізушісімен жолға шықпас бұрын полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыс жүргізген, - деп атап өтті ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Айтуынша, жол ережесін елемеген жүргізуші мен оның екі жолаушысы қаза тапқан. Кейде осындай ескертулер өмірді сақтап қалуы мүмкіндігін ескертті.

Жол апатының бірі Маңғыстау облысында автокөліктің техникалық ақауына байланысты болған. Онда үш адам қаза тауып, біреуі жарақат алды. Өкінішке қарай, жеке тасымалдаумен айналасуға құқығы жоқ такси жүргізушілері көбеюде. Ірі жол көлік оқиғасы 21 мамырда Жамбыл облысындағы Мерке – Шу – Бурыл байтал тас жолында тіркелді. Онда заңсыз тасымалдаушы анықталды. Осы апатта үш адам қайтыс болып, бір адам жарақат алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға