Жаңалықтар

Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі артады

Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі артады
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 12.11.2024 11:27 454

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібі 207 өндірушіні қамтитынын, оның 43-і дәрілік заттарды өндірушілер екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

2024 жылы отандық фармацевтикалық өнім өндіру көлемі 124 млрд теңгеге дейін ұлғайды, өсім 18%-ды құрады. 

2024 жылы ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша фармацевтикалық өнімнің 702 түрі сатып алынды. 2025 жылы өндіріс көлемін 1 728 дейін ұлғайту жоспарлануда, — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Министр импортты алмастыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде 2025 жылдан бастап қолданыстағы отандық тауар өндірушілерді қолдай отырып шығарылатын отандық препараттардың тізбесі кеңейтілетінін айтты. Жаһандық халықаралық фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастық жандандырылады, сондай-ақ офтейк келісімшарттарды енгізе отырып, ұзақ мерзімді шарттар жасасу талаптары қайта қаралатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға