pixabay.com

Қазақстанда былтыр 368 мыңнан астам сәби өмірге келді

11.02.2025 17:50

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылы Қазақстанда 368 670 сәби дүниеге келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде 190 213 ұл, 178 457 қыз. Ең көп бала туған өңірлер – Түркістан, Маңғыстау облыстары және Шымкент қаласы.

Осы кезеңде 133 592 адам қайтыс болды. Өлім-жітім көрсеткіші ең жоғары аймақтар – Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары.

Көші-қон бойынша, 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанға 29 948 адам келіп, 12 784 адам елден кеткен. Көші-қонның оң сальдосы – 17 164 адам. Қазақстанға қоныс аударғандар саны 2023 жылмен салыстырғанда 17,9%-ға артса, елден кеткендер саны 20,4%-ға азайған.