Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда бренд қымыз қай өңірлерге тиесілі

21.07.2025 03:27

Астанада BAIQYMYZ гастрофестивалі кезінде еліміз бойынша үздік қымыз дайындайтын шаруа қожалықтары анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Фестиваль нәтижесінде Абай облысының Абай ауданына қарасты Саржал ауылының "Жаныс" шаруа қожалығы бас жүлдені жеңіп алып, 20 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданының "Қарыншы" шаруа қожалығы 2-орын алып, 15 миллион теңгемен марапатталды. Ал үшінші орынға ие болған Ақмола облысы, Бурабай ауданы "Қымызынай" өнімі 10 миллион теңгеге ие болып отыр. 

Фестиваль барысында ұлттық тағамдар мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәмі мен сапасына ерекше мән берілген.