«Қазақстанда бірегейміз»: Черлидинг бойынша АҚШ-та ел намысын қорғаған би командасы
Қазақстанның атынан шетелде екі кәсіби команданы таныстырып жүрген хореографтардың бірі, Dream Way би студиясының оқытушысы Карина Синтхалат АҚШ-та өнер көрсеткен жастардың еңбегі туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі кәсіби командамыз шетелде өткен халықаралық байқауларға абыроймен қатысып келді. АҚШ-та Cheer Hip hop-тан әлем чемпионатына Flip Side командасы, Берлиндегі World of Dance чемпионатына Shine kids командасы қатысып, би өнерінің биігінен көріне алды, - деді бапкер.
Карина Синтхалат би өнеріне 7 жасында келген. 22 жыл бойы өзінің сүйікті ісімен айналысып келе жатқанын айтады.
Халық биінен брейк дансқа дейін биледім. 17 жасымнан бастап қазіргі заманғы би бағыты хип-хоп хореография,контемпорари, jazz funk, Afro-ны меңгере бастадым, - дейді биші.
Синтхалаттың айтуынша, оқытушы ретінде 8-ші жыл жұмыс істеп келеді.
«Мен өзімнің оқушыларым үшін ең алдымен тренер емес, дос әрі серіктес болуға тырысамын. Үнемі биіктен көрініп, биге деген шексіз махаббатым оқытушылыққа алып келді. Енді менің қазіргі миссиям өз біліміммен бөлісіп, адамдардың биге деген ынтасы мен ықыласын арттыру», - дейді ол.
Flip Side командасының құрылғанына 1,5 жыл болған.
Команда менің сабағымды алған оқушылардан іріктеліп алынды. Команданың құрамы екі рет өзгерді. Олардың жастары 13-тен 17 жасқа дейін. Аз уақыттың ішінде Flip Side командасы жақсы нәтижелер көрсетті деп айта аламын, - деді Карина.
Команданың чемпионаттарда алған жүлделері:
Face to Face - номинация 16+ beginners – I орын.
Choreo - номинация Adult 16+ Pro – II орын.
ҚР Кубогі - номинация Cheer hip hop – I орын.
Орландодағы черлидинг чемпионаты – VII орын.
«АҚШ-та өткен черлидинг бойынша әлем чемпионатына «Черлидинг және Чир спорты бойынша қазақстандық федерация» шақырды. Команда екі номинация бойынша өнер көрсетті. Негізгі JUNIOR CHEER HIP-HOP байқауы бойынша 7-орын алдық. Ал Special abilities unified HIP-HOP бойынша 2-орынды иелендік. Командамыздың құрамында екі паралимпиадалық болды. Команда құрамы паралимпиадалықтармен алғаш рет өнер көрсетті. Екі номинация бойынша да финалға өттік. Қорытындысында Flip Side командасы чемпионатта 4 рет өнер көрсетті», - деді Карина Синтхалат.
Бапкердің айтуынша, мемлекеттен ешқандай көмек болмаған.
Барлық ата-ана өз балаларының сапарын көтерді. Бұл үшін оларға алғыс айтамын, балаларының қызығушылығын қолдап отыр. Өкінішке қарай, мемлекет би мәдениетін ілгерілендіруге аса көңіл бөлмей отыр. Сондықтан халықаралық чемпионаттарға біз өз қаражатымыз есебінен баруға мәжбүрміз. Dream Way орталығы осындай жағдай жасап, балалардың кәсіби шыңдалуына жағдай жасап отырғаны қуантады, - дейді Карина.
Ол балаларға биді үйрету үшін би мен балаларды жақсы көру керегін айтады.
Оқушылармен бір деңгейде, бір тілде сөйлесу керек деп ойлаймын. Жүйелі түрде жауапкершілік пен тәртіпті үйреткен маңызды. Мен өзімді талапшыл тәлімгер деп айта аламын. Бірақ балалар менің махаббатымды сезіп, менімен бірге өседі. Болашақта командамды әлемдік деңгейге шығарып, ірі чемпионаттарда бәсекеге қабілетті топ болғғанын қалаймын, - дейді Карина Синтхалат.
Flip Side командасының бишісі Тоғжан Байкенова олар қатысқан чемпионат Орландода жыл сайын өтетінін айтты.
Біз Қазақстанды алғаш таныстырған 22 адамнан тұратын команда болдық. Біздің шоу биге негізделген болса да, таныстырған бағдарламамызды 1 айдың ішінде дайындадық. Біз жаңа деңгейге шығып, өз мүмкіндіктерімізді сынадық. Финалға шығып, 7-орын алғанымызға шын қуандық. Бұл байқау барлығының есінде қалады деп ойлаймын, - деді Тоғжан.
Айта кетейік, черлидинг 1870 жылдары пайда болды және 20 ғасырдың ортасына қарай кең таралды. Бірақ черлидингтің пайда болуының ресми күні 1889 және Миннесота университетінің командасын қолдаудың бастамашысы болған Джонни Кэмпбеллдің алғашқы черлидері болып саналады.