Жаңалықтар

Қазақстанда билікке ешқандай монополия болмайды – Тоқаев

Қазақстанда билікке ешқандай монополия болмайды – Тоқаев
Фото: Ақорда 20.11.2022 13:21 1558

Бұл туралы мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дауыс бергеннен кейін журналистер қойған сауалға жауап беру барысында мәлімеді, деп хабарлайды El.kz.

Журналистің: "Биылғы сайлаудың бір ерекшелігі сайланған үміткер 7 жылға және бір мерзімге  сайланады. Сіздің ойыңызша бұл мерзім үміткерге халық алдындағы уәдесін орындауға жеткілікті ме?» деген сұрақ қойған болатын.

«7 жыл әрбір адамның ғұмырындағы үлкен мерзім. Ең алдымен Қазақстанда билікке ешқандай монополия болмайды. Билікті монополияға айналдыруға тиым салынады.  Сондықтан 7 жыл уақыт жеткілікті. 21 жыл ішінде Қазақстанда үш президент болады. Меніңше бұл өте жақсы ұғым», деді мемлекет басшысы.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға