16 Ақпан, 10:40
Қазақстанда бала асырап алудың қиындығы | Жетімді асырап алып кері өткізетіндер көбейген
«Бала асырап алу ұлттық агенттігі» жобасының басшысы Фарида Рахметова El-Women жобасында сұхбат берді. Қазақстанда бала асырап алу көбіне «ерлік» ретінде айтылады. Бірақ сол ерліктің соңы сәтсіз аяқталады. Неге біз баланы бауырға басуға дайын болмай жатып, ата-ана болуға асығамыз? Жетімдер үйіндегі 4 мың баланың тек 15 пайызы ғана – шын мәнінде жетім. Қалғанының тағдыры ата-ананың шешіміне, қоғамның көзқарасына тіреліп тұр.