Жаңалықтар

Қазақстанда ажырасудың басты себептері аталды

Қазақстанда ажырасудың басты себептері аталды
Фото: © Pixabay.com 20.02.2024 12:43 1013

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Сенат отырысының Үкімет сағатында еліміздегі ажырасудың негізгі себептерін айтып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, Қазақстан отбасылары ұлттық баяндамасында елімізде сұралғандардың 95,4 пайызы отбасылық қарым-қатынасқа қанағаттанған екен.

Ал Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда неке саны 5,9 пайызға, ал ажырасу 5,3 пайызға азайған. Ажырасудың негізгі себептері - алкоголизм және ерлі-зайыптылардың біреуінің нашақорлығы (61,7 %). Сондай-ақ шаңырақтың шайқалуына тұрмыстық зорлық-зомбылық (51,1%), опасыздық (47 %), лудомания (38,4 %) ықпалын тигізеді.

Зерттеулерге сәйкес қазақстандықтардың 20 пайызы үшін ажырасудың негізгі себебі – бала сүйе алмау, әрбір алтыншы отбасы осындай жағдайға тап болады екен, - деп тұжырымдады Балаева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға