Жаңалықтар

Қазақстанда айналымы 24 млрд теңгені құрайтын 6,2 мың «дроп-карта» анықталды

Қазақстанда айналымы 24 млрд теңгені құрайтын 6,2 мың «дроп-карта» анықталды
Фото: ҚМА/Видеодан алынған кадр 09.01.2025 13:17 191

Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық кірісті заңдастыру мақсатында 6,2 мың «дроп-карта» пайдаланылғанын анықтады. Бұл карталар арқылы айналымның жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, алаяқтар интернет-банкингке қашықтан қол жеткізу мақсатында үшінші тұлғаларға тіркелген байланыс операторларының SIM карталарын пайдаланған.

Көбінесе «дроп-карта» есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындар және басқа да қылмыстық әрекеттерге байланысты схемаларда қолданылған. Мұндай карта иелерінің 90%-дан астамы резидент емес - делінген мәліметте.

«Дроптар» – бұл банктік карта мен шотты рәсімдеу үшін қолданылатын жалған тұлғалар.

Қаржылық мониторинг агенттігі банктік карталар мен шоттарды пайдалану арқылы заңсыз схемаларға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылу қаупі бар екенін ескертеді.

Күмәнді қаржылық операцияларға қатысудан сақ болуға шақырамыз. Егер сізге қаражат аударғаныңыз үшін жеңіл табыс ұсынса, бұл қылмыстық схеманың бөлігі болуы мүмкін, - деп қосты агенттік. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға