Самрук-Қазына

Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар көбейеді

Қазақстанда әйелдер вагондарының саны артады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін әйелдерге арналған вагондар мына бағыттар бойынша қатынаған: Алматы – Маңғыстау, Алматы – Өскемен, Павлодар – Түркістан, Маңғыстау – Семей, Атырау – Астана.

Бұл вагондарда 154 мың жолаушы тасымалданған.

2023 жылы жазда мына бағыттар бойынша қосымша вагондар пайда болады:

Астана – Алматы (Тальго пойызы); Астана – Шымкент; Алматы – Ақтөбе.