Жаңалықтар

Қазақстанда ауасы ең лас қалалар белгілі болды

Бұл туралы Экология министрі мәлім етті
Қазақстанда ауасы ең лас қалалар белгілі болды
Фото: 7kun.kz 11.01.2023 15:54 2029

Еліміздің 10 қаласында ауаның жоғары ластануы сақталып отыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Атмосфералық ауаның индустрия тарапынан ластануы экологиялық реттеу аясында ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерін реттеу негізінде жүзеге асырылады. Осы бағытта былтыр нақты шығарындылардың көлемі 2021 жылға қарағанда 4,1 пайызға, ал төгінділер көлемі 11,7 пайызға қысқарды. Сонымен қатар жүйелі түрде ауаны ластағаны, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық рұқсатын тоқтата тұру бойынша іс сотқа жолданған болатын. Қабылданған шараларға қарамастан еліміздің 10 қаласында ауаның жоғары ластануы сақталуда. Осы қалаларға Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған, Риддер кіреді», - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға