Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұрады
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
Ұлттық статистика бюросы Астана есімін алған қазақстандықтар туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл есімді адамдардың басым бөлігі ерлер - 17 адам. Мұндай есімі бар қазақстандықтарды Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кездестіруге болады.
Сондай-ақ Астана атауын қамтитын өзге де есімдер бар. Бұлар - Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.

