Жаңалықтар

Қазақстанда ақпан айында ауа райы қандай болады

Қазақстанда ақпан айында ауа райы қандай болады
Фото: © Pixabay.com 01.02.2024 09:00 48693

Қазгидромет ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың ақпан айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Алматы мен Жетісу облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарының тау және тау бөктеріндегі аудандарында норма шамасында болады деп күтілуде.

Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында, Атырау облысында, Қостанай облысының солтүстік жартысында, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің тау және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болады деп болжануда. Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын көбінесе қар түрінде, оңтүстік жартысында  жаңбыр, қар түрінде жауады деп күтілуде. Тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында жаяу бұрқасынмен  күтіледі, - делінген мәліметте.

Болжам бойынша ақпанның бірінші онкүндігінің басында ҚР басым бөлігінде қар, бұрқасын, кезеңнің ортасында және соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ақпан айының басында оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейде қатты қар жауады деп болжануда. Тұрақсыз ауа-райы тұман, көктайғақ және желдің 15-28 м/с дейін күшеюімен күтіледі. Республиканың батысында ақпан айының басында, бірінші онкүндіктің ортасына қарай басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды, күндіз  оң мәндерге дейін көтерілуі күтіледі: солтүстік жартысында -3+2°С дейін, оңтүстігінде +5+15°С дейін.

Ақпанның бірінші онкүндігінің соңында температуралық фонның кезекті төмендеуі солтүстік-батыс жартысында, содан кейін ҚР қалған аумағында болжанады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға