Жаңалықтар

Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік инспекторлары пайда болады

Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік инспекторлары пайда болады
Фото: © ОКҚ 09.06.2023 12:37 918

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік инспекторлары пайда болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол әлеуметтік қорғау мемлекеттік инспекторларының бақылау функцияларын түсіндірді.

Олар бақылау функцияларын іске асырады және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша заңнама нормаларын сақтау жөнінде жедел шаралар қабылдайтын болады, - деді ол.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін биыл 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақының мөлшеріне тоқталды.

Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсетуді жүзеге асыратын адамдарға, мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақы мөлшері 14,5% арттырылатынын қосымша атап өтемін. Жыл басындағы жәрдемақылар мөлшерінің 8,5% өсуін ескере отырып, жиынтығында төлемдер мөлшері жылдық мәнде 23% ұлғаяды, – деп түйіндеді ЕӘҚК басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға