Қазақстанда әлемдік стандарттағы суперкомпьютер пайда болады
Елімізге әлемдік стандарттағы суперкомпьютер алынбақ. Бұл туралы Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Рүстем Биғари айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқи отырыңыз:
- «Денсаулығыңызды құртасыз». Кешкі асқа жеуге болмайтын тағам түрлері аталды
- Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Әлемдік стандарттағы үлкен суперкомпьютер алу жоспарда бар. Ол жаһандық қауымдастыққа машиналық есептеу қуатын таратады. Егер дүниежүзі картасын қарасақ, Қазақстанды қақ ортасында көреміз. Жалпы, біз орналасқан белдеуден әлем дәл уақытта ақпарат өңдейтін серверге жатады. Америкада түн жамылса да, Қазақстанда мәліметтер тау-таудан өтуін тоқтатпайды, - деді Рүстем Биғари.
Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директорының сөзінше, екі жыл бұрын жұрт Data Science-ты меңгеруге ден қойған. Жасанды интеллект пайда болған соң мәліметті сараптаудан бөлек, алгоритмді есептеп, логикалық ойға салу дағдысы бар басқа форматтағы кадрларға қажеттілік туындады.