Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр мен қар күтілуде
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
20.02.2023 13:21
846
Алдағы күндері Қазақстандағы ауа-райын үлкен қоры бар белсенді Атлантикалық циклон анықтайтын болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Сонымен байланысты республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын, қар және жаңбыр түрінде, көктайғақ құбылыстары, тұман, екпінді жел болжанады. Күндіз еліміздің оңтүстігінде найзағай күтіледі.
Республиканың батысында ауа температурасы түнде 0-8-ден 7-15-ке дейін төмендеуі күтіледі, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында 5-15 аяздан 0-8 аязға дейін жоғарылайды, орталығында 2-15 аяздан 3 аяз-3 жылыға дейін ауытқиды. Республиканың оңтүстік жартысында түнде 3 аяз-3 жылы күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада синтетиканы жеткізудің ірі арнасы жойылды