Жаңалықтар

Қазақстанда Абайдың «Толық адам» ілімін енгізу керек – Сәбден Оразалы

Қазақстанда Абайдың «Толық адам» ілімін енгізу керек – Сәбден Оразалы
Фото: Ақорда 15.03.2024 15:35 1095

Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында Қазақстан ғалымдар одағының төрағасы Сәбден Оразалы Абайдың «Толық адам» ілімі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сәбден Оразалы Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімін қоғамға төменнен бастап сіңіру керек екенін жеткізді.

Ұлы Абай: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» дейді. Сонда елден бөлек «толық адам» боласың. Міне,  Абайдың ілімін балабақшадан бастап, бәріміз арифметиканың кестесіндей жақсы білуіміз керек. «Баланы жастан» дейді. Дегенмен 4-5 жастан бастап оны балаға үйрету кеш. Сондықтан біз Абай ілімін төменнен бастап, ұлттық идеологияға сынақ артқандай енгізейік. Қысқаша айтқанда, Абайдың «Толық адам» ілімі дегеніміз – дүниенің көрінген сыры мен көрінбеген сырын ашып, оған толық деңдей біліп, оларды қазіргі өмірімен байланыстырғанда ғана өз жемісін береді. Дүниенің көрінген сыры дегеніміз материалдық сфера, бай-қуатты болу. Ал өмірдің көрінбеген сыры – адамның рухани жан-дүниесі, ішкі-құңдылықтары, болмысы мен тазалығы, - дейді ғалым.

Сәбден Оразалы қазіргі қоғам Абайдың «пайда ойлама, ар ойла» деген ұранын ұстау керек екенін айтты. 

Шетелге заңсыз кеткен ақшаны елге қайтаруға болады. Мен экономист ретінде айтайын, ол – егер шетелмен байланысты болатын болса оңай емес. Әділетті Қазақстан құруда арды ойлайтын уақыт жетті. Президент айтпақшы, «Адал адамның, адал азаматтың еңбегін жасау керек, - деді Оразалы.

Сонымен қатар, Қазақстан ғалымдар одағының төрағасы Сәбден Оразалы Үкіметке бірқатар ұсынысын айта кетті.

Қазақстанда ғалымдардың, жазушылардың, зиялы адамдардың қатысуымен Абайдың «Толық адам» ілімінің жол картасын жасау керек. Барлық оқу орындарында жол картасымен жастарды оқыту қажет. Сонда біз қоғам өмірін ізгілендіре аламыз. Өркениетке жаңаша бет бұрамыз, - деп атап өтті.

Сәбден Оразалы мемлекет басшысының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын негізге алып, Абайдың жол картасы аясында мынадай іс-шаралар жасау керек екенін тілге тиек етті.

Біріншісі, Мекентас Мырзахметовтың «Абайтану әліппесін» мектептерде дәріс ретінде кіргізу керек. Екіншісі, Абайтану пәнін студенттерге  біртұтас деңгейде оқыту қажет. Үшіншісі, Абай ілімін қызметкерлерге насихаттау, мекемелерде Абай кабинетін ашу қажет. Төртіншіден, күнделікті дене шынықтырудан кейін жұмыс орындарында сағат 09:00-де Абайтану хабары 5 минуттық жиыны болса, радио мен телеарналар қызмет етсе, мына отырған орнымыздан Абайға қарай біршама жылжимыз деп ойлаймын. Бесінші, Абайдың жол картасының аясында оның  толық адамы кім деген кезде әлемге белгілі академик Салық Зимановты, Герольд Бельгер сияқты ғұламаларды жастарға сіңіру керек, - деді Қазақстан ғалымдар одағының төрағасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға