Жаңалықтар

Қазақстанда 8 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмысын бастады

Қазақстанда 8 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмысын бастады
Фото: А.Чурсинов 19.03.2023 07:33 1211

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2023 жылғы 19 наурызда елорда уақытымен сағат 7.15-тегі жағдай бойынша өңірде 8272 учаске дауыс беруге кірісуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сілтеме жасап.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 12 шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 13  учаске дауыс беруге кірісті.

Республикада дауыс беруге арналған 10 223 учаске бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 62 елде 77 учаске бар.

92 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының учаскелері елорда уақыты бойынша сағат 08.00-де дауыс беруге кіріседі.

Тізімге енгізілген азаматтардың саны: 12 032 550.Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 12 765 есептен шығару куәлігін берді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға