Қазақстанда 5 млрд теңге ұрлаған алаяқ Черногорияда ұсталды
11.06.2025 09:43
Фото:
polisia.kz
Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Будва қаласында аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Түркия Республикасының азаматы ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, 2022 жылдың қазан айынан 2024 жылдың маусымына дейін ер адам Қазақстандағы ЖШС-лердің бірінің директоры бола отырып, пайдакүнемдік ниетпен қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған. Ол басқа ЖШС-лерге тиесілі қаражат пен мүлiктi иемденген.
Келтірілген жалпы шығын бес миллиард теңгеден асады.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

