Жаңалықтар

Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы қашан енгізіледі

Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы қашан енгізіледі
Фото: ©El.kz/Миражан Махан 26.06.2024 14:52 631

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова 4 күндік жұмыс аптасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл сұрақ тек қана талқыланып қойған жоқ, қазір Еңбек кодексінің заң жобасында қаралып жатыр. Бұл жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қарым-қатынасқа байланысты болады. Мәселен, қыс мезгілінде қонақ үйде жұмыс істейтін қызметкер 4 күн жұмыс істейді деп тіркелсе, туристік маусымда келушілер саны көбейген кезде жұмыс берушілер жұмыс күнін 6 күнге дейін соза алады. Дегенмен аптасына 40 сағаттық жұмыс күні сақталуы керек. Белгіленген уақыт бұдан асып кетпеуі керек. Атап өткен мәселелер жұмыстың түріне, саласына байланысты өзгеруі мүмкін. Мысалы, қызмет көрсету саласы, қонақ үй, бизнес саласы және басқа да салалар, - деді Тамара Дүйсенова.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы енгізілетінін айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға