Жаңалықтар

Қазақстанда 36 тонна есірткі заты тәркіленді

Қазақстанда 36 тонна есірткі заты тәркіленді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 20.02.2024 12:04 576

Қазақстанда 36 тонна есірткі заты тәркіленді. Бұл туралы Бұл туралы ҚР ІІМ Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл департаментi бастығының полиция полковнигі ОҚК-де өткен онлайн брифинге мәлімдеді, деп хабарлайды

Одан бөлек, Бақытжан Әмірханов Қазақстанда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы мәлімдеді.

Бұл жоспар барлық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіретін алғашқы бағдарламалық құжат. Барлық өңірде есірткіге қарсы күрес айлық шеңберінде профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Өткен жылы тек бір айда 1800 түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп 700-ден астам іс-шара өткізілді, оның ішінде нарколог-дәрігерлердің қатысуымен - 402, еріктілердің қатысуымен – 265 шара ұйымдастырылды. Құқық қорғау органдарымен бірге түрлі шаралар атқаралып жатыр. Былтырдың өзінде 2746 қылмыс тіркелді. 36 тонна есірткі тәркіленді, - деді полиция полковнигі.

Айта кетейік, ҚР ІІМ былтыр елімізде 81 есірткі зертханасының жолын кескен. Ал былтыр, жыл басынан бері 7 есірткі зертханасы жабылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға