Жаңалықтар

Қазақстанда 340 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті
Қазақстанда 340 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Фото: baq.kz 18.11.2022 15:46 1348

Биылғы жылдың 10 айында теміржол көлігімен 340 365,7 мың тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7 пайызға аз, деп хабарлайды El.kz

Темір жол көлігімен тасымалданған жүктің айналымы 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 259 034,73 млн т-км құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 5,4%-ға артық.

Биылғы жылдың қаңтар–қазан айларында жолаушылар пойыздарымен 16,2 млн адам тасымалданды – бұл өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда 32,7%-ға артық. Жолаушылар айналымы 10 айда 13 815,6 млн п-км құрады.

Биылғы 10 айда кәсіпорындардың тасымалдан түскен кірісі 1 079 млрд теңгені құрады. Оның 998 млрд теңгесі жүк тасымалы, 81 млрд теңгесі жолаушылар тасымалынан түскен. Бұл ретте жолаушылар тасымалынан түскен табыс өткен жылмен салыстырғанда 52,1%-ға, жүк және багаж тасымалынан 10,5%-ға өскен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға