Одан әрі ФАО мен Қазақстан арасындағы серіктестік бағдарламасының маңыздылығын да ерекше атап өтті.Бау-бақша шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің маңызды бағыттарының бірі. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 2014 жылдан бастап фермерлер бақ отырғызу мен интенсивті технологияларды енгізуге арналған инвестициялық субсидиялар алады. Соның нәтижесінде алма өндіру көлемі 43%-ға, ал өнімділік 27%-ға артты.Алма фестивалі — тек өнім мерекесі ғана емес. Бұл - фермерлер еңбегіне деген құрметтің, өзара ынтымақтастықтың және ортақ жауапкершіліктің белгісі. Мемлекет, халықаралық ұйымдар, агробизнес және жастардың бірлескен күш-жігері арқылы біз бау-бақша шаруашылығын еліміздің дамуындағы басты салалардың біріне айналдырамыз деп сенемін, — деді Ербол Тасжүреков.
Аталған бағдарлама инновацияларды енгізуге, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға және отандық агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Әсіресе, технологиялар мен білім трансферіне, соның ішінде цифрлық шешімдер мен агроинновацияларға айрықша көңіл бөлінуде.

