©El.kz

Қазақстанда 2026 жылы қандай жолдар ақылы болады

Келесі жылы Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың шақырымды құрайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Tengri Auto-ға сілтеме жасап.

2026 жылы ақылы болатын жолдар:

  1. Қарағанды – Балқаш: 363 шақырым;
  2. Бурылбайтал – Күрті: 228 шақырым;
  3. Ақтөбе – Қандыағаш: 96 шақырым;
  4. Талдықорған – Өскемен: 768 шақырым;
  5. Атырау – Астрахань: 277 шақырым;
  6. Меркі – Шу: 78 шақырым.

Көлік министрлігінде 2026 жылы тарифтерді өзгерту жоспарда жоқ екенін айтты.

Төлем тәсілдері өзгеріссіз қалады. Бюджетке түсетін салмақты азайту және өзін-өзі ақтауды қамтамасыз ету мақсатында реконструкциялау және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде ақылы жүйе енгізіледі, – делінген хабарламада.

Заң бойынша арнайы көліктер қызметтік міндеттерін орындау кезінде ақылы жолдармен тегін жүре алады. Мысалы жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі, полиция және басқалар.

Сондай-ақ, жеңілдіктерге тұрақты жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустар ие. Ал жергілікті тұрғындар мен ұйымдардың жеңіл автомобильдері өз ауданы ішіндегі ақылы жолмен тегін жүре алады.