Жаңалықтар

Қазақстанда 2023 жылы 963 мың азамат жұмыспен қамтылды

Қазақстанда 2023 жылы 963 мың азамат жұмыспен қамтылды
Фото: ОКҚ 15.03.2024 15:10 1257

Өткен жылы Ұлттық жобалар шеңберінде 265,1 мың азамат жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 198 мыңы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында 382,4 мың адам, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына 316 мың адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылған азаматтардың 50 пайыздан астамы 35 жасқа дейінгі жастар, – деді вице-министр.

Өңірлер бөлінісінде жұмысқа орналастырылған азаматтардың 52 пайызы Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларына тиесілі. Сондай-ақ, 54 пайызы ауыл тұрғындары.

Олжас Ордабаевтың сөзінше, отбасының цифрлық картасы атты ақпараттық жүйенің мәліметтеріне сәйкес, аталған азаматтардың отбасы жағдайын зерделей келе, 559 мың азамат жұмысқа орналасу арқылы әлеуметтік жағдайын дұрыстауға мүмкіндік алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға